Гуманитарлық
Жаңалықтар

Әл-Фараби мұражайына саяхат

31.10.2018

Әл-Фараби мұражайы университеттің ғылыми кітапханасымен бірге ашылған. Мұражай төмендегідей бөлімдерден тұрады: «Көне Отырар естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы», «Ұлы Жібек жолы бойымен», «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты», «Әл-Фараби еңбектері адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары», «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары, «Парасат» үйірмесінің мүшелері (жетекшілері: Н.Мәтбек, С.Нусупбаева) ғылыми кітапханамен бірге Әл-Фараби мұражайындағы құнды жәдігерлермен: ғұлама ойшылдың еңбектерімен, туған жерінен әкелінген бұйымдармен, фарабитанушылардың зерттеулерімен танысты. Мұражай студент жастарды баға жетпес мұралармен таныстырумен қатар, ұлы данышпан өмірін насихаттауға қызмет етеді.