Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Н.Мәтбек журналистика факультетінде өткен «Ауған реттелуінің мәселелері: Кеңес әскерлерінің АДР-дан шығарылғанына ‒ 30 жыл» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны AFGQAZ қауымдастығы және Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты ұйымдастырды. Ауғанстандық тыңдаушылар ‒ «Парасат» үйірмесінің мүшелері тәуелсіз қазақ елінің әлемдегі барлық елмен бейбітшілік, өзара достық, ынтымақтастық қарым-қатынасты ұстанатындығына және екі ел арасындағы достық пен экономикалық қарым-қатынатардың жалғасын тауып, дами беретініне көз жеткізді.