Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Н.Мәтбек Алматы қаласындағы Дінмұхаммед Қонаевтың музей-үйіне саяхатқа барды. Шетелдік тыңдаушылар Д. Қонаевтың аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері екенін білді. Музейде Д.Қонаевтың тұлғасы, оның мемлекетті дамытып-өркендетудегі рөлі мен еңбегі, адамгершілік қасиеттері көрсетілген. Мұражайдағы Д.Қонаевтың жеке тұтынған заттары т.б. жәдігерлер студенттердің қызығушылығын туғызды.