Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының 2-топ тыңдаушылары (кураторы ‒ Н.Мәтбек) демалыс күні Шымбұлақ тау шаңғы курортына саяхатқа барды. Олар «Медеу ‒ Шымбұлақ» аспалы жолы арқылы Іле Алатауының қысқы әсем табиғатын тамашалады. Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар таудың таза ауасымен дем алып, көтеріңкі көңіл күймен демалып қайтты.