Гуманитарлық
Жаңалықтар

«Мұзбалақ» мультфильмі

16.01.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Н.Мәтбек Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен «Қазақфильм» киностудиясының «Мұзбалақ» мультфильмін тамашалады. Мультфильм соңынан режиссерлері: Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазымен кездесті. Авторлар анимациялық фильм арқылы қазақтың саятшылық мәдениетін, адам мен бүркіт арасындағы достықты көрсетеді.

Шетелдік тыңдаушылар мультфильмнің балаларға ғана емес, ересектерге де ұнайтын туынды екеніне көз жеткізді.