Гуманитарлық
Жаңалықтар

Елі құрметтеген, Елін сүйген Елбасы

01.12.2020

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен тұңғыш Президент күніне орай «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» атты  танымдық тәрбие  сағаты  өтті.

Тұңғыш Президент күнін ұлықтау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық айтулы мерей тарихымен ұштастыра отырып, жас ұрпаққа Елбасының азаматтық болмысын, парасатын және әлемдік өркениетте алатын саяси қайраткерлігін үлгі ретінде насихаттап патриоттық рухта тәрбиелеу  мақсатында өткізілді.

Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей,  ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жағаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді.  Биылғы жылы аталып өтетін ел тәуелсіздігі  соңғы 29 жылдың нәтижесі емес, осы орайда, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұлтымыздың еркіндігін, азаттығын көздеген ұлы асқақ мұраттарын, өзінің кемеңгерлігімен, батыл саяси шешімдерімен  замананының саналуан факторларын еңсере отырып, дара болмысымен жүзеге асырған Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Шетелден  келген қандас жастарға Тұңғыш Президентіміздің өскен және білім алған ортасы,  қатардағы жұмысшыдан Республикамыздың мемлекеттік қызметтегі өсу жолдары, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті қызметіне көтерілуі ұстаздар тарапынан жан-жақты түсіндірілді. Осы танымдық кеште Монғолиядан келген тыңдаушымыз Мерей Хайбар өз ойын былай білдірді: Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен, туған отынымызда білім алуға зор мүмкіндік берілді, бұл қолдауы үшін шетелдік қазақ диаспорасы өкілдері атынан  мың алғыс айтамыз. Сондай-ақ ұлылықты ұғынуға мүмкіндік берген, өмір жолдарымен қайраткерлік тұлғасын терең түсініп, үлгі алып,  азаматтық ұстанымызды қалыптастыруға үлес қосқан, оқытушыларымыздың ұстаздық, ізденістік еңбектеріне табыс тілейміз.