Kaspi лабораториясы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік нарыққа бағытталған ең ірі компаниялармен тығыз қарым-қатынас орната отырып, кадр даярлау талаптарына толықтай жауап бере алады. Университеттің мақсатты іс-шараларының нәтижесінде жұмысқа орналасу көрсеткіші 90%-ға жетіп отыр.
Сондай компаниялардың бірі -Kaspi Bankбизнес-сараптама саласындағы әлемдік көшбасшы SAS-пен бірлесе отырып, «Лаборатория Kaspi» ерекше білім беру жобасын өткізеді.
Жобаның мақсаты –ауқымды деректермен жұмыс және Data Mining құралдары мен әдістемелерін интелектуалдық сараптау саласында қолдана білетін мамандар дайындау.
15 қыркүйек күні Механика-математика факультетінің Қызыл залында 200 жуық студенттердің қатысуымен алғашқы танымдық дәріс өткізілді. Дәріс барысында осы жобаға қатысу мүмкіндігінің келесі ережелері жайлы айтылды:
- Қыркүйектің 15 мен 25 аралығында ЖОО-нда ақпараттық технологиялар, математика, статистика, эконометриканы оқитын студенттерге таныстыру дәрістері өтеді, кейін студенттер жобаға қатысуға өтініш білдіре алады.
- 25-27 қыркүйекте Kaspi оқыту класстарында ары қарай оқыту үшін мықты студенттерді таңдап алуға арнайы тесттілеу болады.
- Таңдалып алынған студенттер ауызша сұхбаттан соң, «Клиенттік аналитика», «Big Data– бизнес және сараптаудағы рөлі» және Campaign Management – жалпы «Деректер туралы ғылым» атауындағы курстарға өтеді.
- Бұл 2 айлық курс 5 қазаннан басталады. Ол дәрістер, семинарлар, SAS өнімдерімен танысу (1 апта), практикалық марафондардан тұрады.
- Соңғы кезең – ең табсыты студенттерді сертификаттармен мараппаттау және Kaspi-ге тұрақты жұмысқа шақыру.
Бұл жоба Мансап және бизнес орталығының ұйымдастыруымен екінші жыл өткізілді. Мансап және бизнес орталығының негізгі жұмысы үзіліссіз білім беру концепциясының жүзеге асу, ҚазҰУ-дың жұмыс беру орындарымен байланысын дамытуға бағытталған.
Өткен жылы университетіміздің 10 студенті аталған жобаға қатысып, нәтижесінде 4 студенттің Kaspi Bank-ке жұмысқа орналасқаны – жобаның өзектілігі мен маңыздылығын айқындайды.