Гуманитарлық
Жаңалықтар

Жаңалықтар


04.02.2014 Хабарландыру! "Үздік лингвист - 2014" байқауына қатысуға шақырамыз!

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 3 курс студенттерін ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастырып отырған дәстүрлі «Үздік лингвист» байқауының І Университетаралық студенттер зияткерлік сайысына қатысуға шақырамыз.



Байқаудың шарттары бойынша қатысушы студент өзін-өзі таныстырып, тіл біліміне қатысты жалпы сұрақтарға, генеалогиялық және типологиялық классификация және арнайы курстар бойынша сұрақтарға дайын болуы тиіс.

«Үздік лингвист-2014» байқауына өтініш 2014 жылдың наурыз айының 10 жұлдызына дейін қабылданады.

«Үздік лингвист» байқауы 2014 жылдың 3 сәуір күні сағат 11.00-де, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде өтеді.

Байқауға қатысуға ниет білдірген студенттер жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасына хабарласуына болады.

Қосымша байланыс телефондары: Тел: 8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29), 8-778-422-45-65 Бөрібаева Гүлнара Әбдіқасымқызы.


15.12.2013 VI Қабдолов оқулары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді 2013 жылы 24 желтоқсанда өтетін «VI Қабдолов оқулары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына арналған конференция тақырыбы: «З.Қабдолов және Қазақ ұлттық университеті».


15.12.2013 Қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы, Чеслав Милош атындағы Славистика орталығы (Каунас қ., Литва), Тюмень мемлекеттік мұнайгаз университететімен бірлестікте жоғары оқу орындары арасында шығарылатын «Қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» жинағының үшінші номеріне мақалаларыңызды жариялауға шақырады.


10.12.2013 Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

11.12.13 ж. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде сағат 15:00-де 312-аудиторияда

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараға шақырамыз.

Ұйымдастырушылар: Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Ж.Ж. Күзембекова, А.М. Досанова, Г. А. Борибаева және ҚФ 2 курс студенттері


03.12.2013 Хабарландыру!

ОБЪЯВЛЕНИЕ

Уважаемые студенты, магистранты, докторанты, преподаватели!

Кафедра общего языкознания и иностранной филологии факультета филологии, литературоведения и мировых языков проводит учебно-методический семинар «Методическое обеспечение реализации кредитной системы обучения в вузе».

бь

Дата:3 декабря 2013 г. в 11.00. сразу после заседании кафедры

Место:аудитория 322 им. д.ф.н., проф. А.С. Аманжолова

Модераторы: проф. кафедры Ибраева Ж.К., старший преп. PhD, Досанова А.М., старший преп. Рыскелдиева Д.Б.

Для тех кто участвовал будет вручен сертификат.


29.11.2013 Роман-герман тілдері мерекесіне шақырамыз!

2013 жылдың 4-желтоқсанында 312-аудиторияда сағат 16:00-де «Роман-герман тілдері» клубы аясында өткізілетін дәстүрлі «Роман-герман тілдері» мерекесіне шақырамыз!
Келем деушілерге есік ашық!

Ұйымдастырушылар: Қарағойшиева Д.А., Кузембекова Ж.Ж., Борибаева Г.А.


28.11.2013 Университетіміздің 80 жылдығына арналған "Тіл және мәдениетаралық ақырм-қатынас" атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз!

Университетіміздің 80 жылдығына арналған "Тіл және мәдениетаралық ақырм-қатынас" атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз!


27.11.2013 «XVІІ АХАНОВ ОҚУЛАРЫ» «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ТІЛ, ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА қатысуға шақырамыз

«XVІІ АХАНОВ ОҚУЛАРЫ»

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ТІЛ, ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ»
АТТЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА
қатысуға шақырамыз


27.11.2013 Біздің Елбасымыз – біздің мақтанышымыз

28.11.2013 жылы сағ. 15.00-де филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 312 аудиториясында 1-желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Біздің Елбасымыз – біздің мақтанышымыз» атты тәрбие сағатына барлығыңызды шақырамыз.


24.11.2013 Құрметті жоғары сыныптың оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар!

Тюмень мемлекеттік мұнайгаз университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді «Озық ой!» - 2014 инновациялық жобалар сайысына қатысуға шақырады.