- Негізгі бет
- Білім алушыларға
Білім алушыларға
Білім беру қызметі
Қазіргі уақытта әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттері сапалы білім, зияткерлік және мәдени даму беретін жоғары оқу орындары ғана емес, сонымен қатар мемлекет үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды құратын білім, ғылым және өндірісті интеграциялаудың тиімді формалары болып табылады. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ даму стратегиясына сәйкес, білім беру мазмұнын халықаралық деңгейде танылған жетекші шетелдік университеттермен үйлестіру мақсатында білім беру үдерісін жаңғырту, оқу бағдарламаларын әртараптандыру (бакалавриат–магистратура–PhD докторантура) жүргізілді.
Жұмыс берушілердің пікірін ескере отырып, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және білім алушыларға қажетті кәсіби құзыреттер алуды, практикалық дайындықты және қазақстандық, халықаралық еңбек нарықтарында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын ғылыми құрамдас бөлікті күшейтуді қамтамасыз ететін инновациялық білім беру – кәсіптік бағдарламалар әзірленді.
Осы бағдарламаларда кредиттердің басым саны пәндердің кәсіби блогына бөлінеді, ол өз кезегінде STEM-қалыптастырушы модульден (STEM – Science, Technology, Engineering, Mathematic), базалық кәсіби (міндетті) модульдерден, жеке білім беру траекториялары модулінен және пәнаралық модульден тұрады. Жеке білім беру траекторияларының элективті модульдеріне кредиттердің шамамен 25 пайызы тиесілі, бұл базалық кәсіптік даярлықты күшейтуге мүмкіндік береді.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ-тың зерттеушілік бағдарламаға трансформациялау бағдарламасына сәйкес, барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын бір мезгілде өзектендіре отырып, бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын қысқарту (орта мектеп мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ететін педагогикалық бағдарламалар есебінен) үрдісі байқалады.
Бұл ретте жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары: білім алушылардың жалпы санынан магистратура және PhD докторантура бойынша білім алушылар санының тұрақты өсу серпіні атап өтілді. Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының саны бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының санынан екі есе көп, ал университет магистранттар мен докторанттар саны бойынша ҚР ЖОО арасында көшбасшылық орынды иеленеді.