Ғылым және инновациялар

Ғылым және инновациялар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, департамент университетте өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды үйлестіреді, сонымен қатар жоғары білікті кадр мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Департамент университеттің барлық ғылыми-зерттеу құрылымдарын, факультеттерін, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопарк және т.б. біріктіретін бірегей ғылыми құрылым болып табылады.

Өз қызметін жүзеге асыру барысында Департамент Қазақстан Республикасының заңнамаларын және нормативтік актілерін, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жарғысын басшылыққа алады.

Департамент университеттің даму стратегиясы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің және Ғылыми-техникалық кеңесінің шешімдері негізінде университеттің ғылыми және инновациялық қызметін анықтайды.

Департамент қызметінің басты мақсаты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалануға, ғылыми-зерттеу жұмысының, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің тиімділігін және білім берудің сапасын арттыру үшін ғылыми-өндірістік қызметтің кешенді дамуына ықпал ету, инновациялық қызметті ұйымдастыру, ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.

 

Департамент құрылымына келесідей басқармалар кіреді:

  • Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасы
  • Инновациялық және зияткерлік меншік басқармасы
  • Ғылым және басылым белсенділігі басқармасы
  • Этикалық комитет

 

  • Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасы

Жоғары дәрежелі ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттауды реттеу, бақылау және сараптау Басқарманың негізгі міндеттері болып табылады.

  •  Инновациялық және зияткерлік меншік басқармасы

Инновациялық және зияткерлік меншік басқармасы университетте жүргізілетін ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), тәжірибелік өндірістің, студенттік конструкторлық бюроның (СКБ) жұмыстарын үйлестіреді, сонымен қатар университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімдерін, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтар (ҒО) мен инновация мәселелері бойынша технопаркті біріктіреді.

Басқарма қызметінің басты мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалануға, ғылыми-зерттеу жұмысының, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің тиімділігін және білім берудің сапасын арттыру үшін ғылыми-өндірістік қызметтің кешенді дамуына ықпал ету, инновациялық қызметті ұйымдастыру, ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.

  • Ғылым және басылым белсенділігі басқармасы

Басқарма жұмысы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының (ПОҚ), жас ғалымдарының басылымдық белсенділігін арттыруға, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізу, «ҚазҰУ хабаршысы» ғылыми журналдары мен ағылшын тіліндегі басылымдардың жұмысын басқару және халықаралық ғылыми-библиографиялық деректер базасында оларды индекстеу жұмыстарын қамтамасыз етуге бағытталған.

  • Этикалық комитет

Этика комитеті зерттеушілік хаттаманы, қатысушыларға ақпарат пен оларға негізделген келісімін, зерттеушілердің, зерттеу орталықтарының және адам құқықтарының сақталуына, әділдік, пайдалылық, құпиялылық қағидаттары мен қатысушыларға зиян келтірмеу туралы басқа да құжаттардың кәсіби тәжірибесін қарастырады және бағалайды.

 

 

Ибраимов Маргулан Касенович

Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры