Жаратылыстану
Медицина және денсаулық сақтау факультеті

Медицина және денсаулық сақтау факультеті

 

                                 

Медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы

Медицина ғылымдарының кандидаты

Қалмаханов Сүндетғали Беркінұлы

 

Декан үндеуі 

      Мен, денсаулық сөзін күнделікті өмірде әрбір адам көп қолданатынына сенімдімін. Мысалы, «деніңіз сау болсын», «денсаулық үшін», «сәлеметсіз бе?» және «сіздерге зор денсаулық тілейміз».

     Денсаулық әр адамның өмірінде ерекше маңызға ие, оның құндылығы жылдар мен жас шамасына қарай көбейеді, өмір сапасы мен қоғамның әл-ауқатының көрсеткіші болып табылады.

     Әрқайсымыз өзімізді дені сау және бақытты сезінгіміз келеді. Әрине, «қалау» және «болу» әртүрлі түсініктер, салауатты болу үшін, жан-жақты күш-жігер қажет, ең алдымен, өз денсаулығымыз үшін жауапты болу, оны сақтау және нығайту қажет. Сонымен бірге, мемлекет халықты барынша сапалы медициналық қызметтермен қамтуға мүмкіндік беретін үздік және әділ денсаулық сақтау жүйесін құруға ұмтылады. Әрбір қоғамда мемлекет деңгейінде ұлт денсаулығының маңыздылығын анықтауға ұмтылады. Біздің елімізде бұл Конституция мен Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде бекітілген.

     Сәйкесінше, заман талабына сай медицина мамандығының қызметкерлері ерекше маңызды. Медицина қызметкерлері қазір стратегиялық капитал ретінде қарастырылады және әлемдегі денсаулық сақтау саласына жұмсалған барлық инвестициялардың 70% -ы штаттық жұмысқа бағытталған.

     Медицина және денсаулық сақтау әрдайым сұранысқа ие болады және үнемі білім мен тәжірибені жетілдіруге негізделген!

     Біз сізге ең жақсы мамандықты алуға және өз салаңызда кәсіби болуға көмектесеміз!

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті сіздерге білім беру бағдарламалары мен эксклюзивті траекторияларды, соның ішінде дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандарын сапалы даярлауға бағытталған үздік халықаралық және ғылыми білім беруді, клиникалық тәжірибелер мен тәжірибе алмасуларды ұсынады.

     Факультет білім беру бағдарламаларының барлық деңгейлерінде бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура бойынша медициналық кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін халықаралық стандарттарға және жаңа ғылыми жетістіктерге негізделген. Сонымен қатар әртүрлі салалардағы мамандарға және кәсіп иелеріне, секторларға арналған қосымша сапалы білім ұсынылады.

     Факультеттің құрылымында екі мектеп бар Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі және Медицина жоғарғы мектебі, «Инновациялық денсаулық сақтау» ғылыми-тәжірибелік орталығы.

Бүгінгі таңда факультетте, Түркия, Ауғанстан, Йемен, Иордания, Иран, Ирак, Кения, Пәкістан, Палестина, Сирия, Үндістан, АҚШ, Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан және Түрікменстан студенттері білім алуда.

  • Қазақстанның жетекші университеті ретінде, факультеттің жеке клиникалық базалары бар: клиникалық-диагностикалық орталық, Алматы қаласы №1 қалалық ауруханасы.

Факультет түлектері ірі жеке және мемлекеттік медициналық ұйымдарда, облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау және санитарлық -эпидемиологиялық бақылау басқармаларында табысты жұмыс істейді, олар қазіргі уақытта түлектердің жұмыс берушілері болып табылады және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, студенттердің үздіксіз практикалық дайындықтарына белсенді қатысады және практикалық базаны қамтамасыз етеді. Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы 100% құрайды.

Студенттердің жалпы саны 2000-нан асады, оның ішінде 22 елден 1000-нан астам шетелдік студенттер. MBA бағдарламасы бойынша 100-ден астам денсаулық сақтау менеджерлері оқытылды. Факультет «Денсаулық» ғылыми-зерттеу институты мен «Денсаулық және қоршаған орта» ғылыми-зерттеу зертханасы халықаралық және республикалық деңгейдегі 15-тен астам ғылыми жобаларды жүзеге асырады. Erasmus + бойынша 4 жоба орындалуда.

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның жетекші университеті ретінде, ауқымды білім беру, ғылыми және инфрақұрылымдық ресурстарға ие.  Университеттің жеке клиникалық базалары бар: клинико-диагностикалық орталық, ПМСП орталығы және №1 қалалық аурухана.

     Біздің пікірімізше, университет медицина және денсаулық сақтау саласындағы пәнаралық жобаларды іске асырудың идеалды платформасы болып табылады, бұл молекулалық биология, био және нанотехнология, биоинформатика, биофизика және басқа да салалардағы практикалық медицинадағы соңғы жетістіктерді үздіксіз енгізуге және кешенді тәсілді ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл пәндердің барлығы біздің университетте жоғары деңгейде ұсынылған.

Біздің серіктестеріміз 30-дан астам жетекші университеттер мен медициналық мектептер.

Біздің факультетіміздің қызметі туралы толығырақ ақпаратты біздің сайттан табуға болады.

Сіздерді Медицина және денсаулық факультетінде көруге қуаныштымыз!