Спорт жаңалықтары

Алматыдағы ҰҚК Академиясының полигонында қала жастары мен студенттер арасында «SARBAZ RACE-2019» атты кедергілерімен жарыс өтті.

28.05.2019

28 мамыр 2019 жыл

Алматыдағы ҰҚК Академиясының полигонында қала жастары мен студенттер арасында «SARBAZ RACE-2019» атты кедергілерімен жарыс өтті.

«SARBAZ RACE-2019» жарысы жауынгерлерді әскери бөлімшелерге дайындайтын сынақ негізінде жасалған. Оның ішінде ойлы-қырлы жерлермен әртүрлі кедергілерден (20-ға жуық) өтетін жүгіру бар.

Жарыс қорытындысы бойынша ең жақсы нәтижелерді көрсетіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші орынға ие болды.

Жеңімпаздар құнды сыйлықтарға ие болып, оларға сертификат берілді. Сонымен қатар іс-шара жорық ас үйімен жалғасты: қатысушылар солдат ботқасы мен ыстық шайдан дәм татты.

Әл-Фараби ҚазҰУ командасы:

Кұрманәлиев Сағдат, Ислам Амангос, Абдрахман Абзал, Қуаныш Қуралай және Саунина Светлана.

Лайықты жеңіспен құттықтаймыз!

Спорт клубы

http://gosfund.kz/?p=7539&lang=ru