Күзгі спартакиада бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Күніне арналған, дзюдо күресінен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері (ұлдар, қыздар) арасындағы Чемпионаты 2022 жылы 17-18 қарашада Университетінің спорт кешенінде өткізілді. Жарысқа Университет факультеттерінен құралған 16 командадан 70 (ұлдар - 45, қыздар -25) дзюдошылар қатысты. Салмақ өлшеу жарыс ережесіне сәйкес, 17 қарашада сағ. 16.30-17.30 дейін, жеребе тарту мен төрешілер алқасының мәжілісі сағ. 17.30-18.00 дейін жүргізілді. Жарыс 18 қарашада сағ. 17.00 басталды.
Жарысты Университет спорт клубының күреске жауапты оқытушы- жаттықтырушылары ұйымдастырып, өткізді. Жарыстар 2 кілемде 12 салмақ дәрежелері бойынша жүргізілді.
Өте тартысты өткен бәсекеде мықтылар жеңді. Жарыс барысында жарақаттар болған жоқ. Командалық жүлделі орындар төмендегідей орналасты:
1 орын - Механика-математика факультеті, А-2, К-2, Қ-7;
2 орын - География және табиғатты пайдалану факультеті, А-2, К-1, Қ-3;
3 орын - Шығыстану факультеті, А-2, К-1, Қ-2.
Барлық жүлдегер болған спортшылар мен командалар Университет грамоталарымен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің құрама командасы іріктелді. Құрама алдағы уақыттарда дзюдо күресінен қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын болады.

