Ақпанның 11-12 жұлдызында әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Манас Университеті (Қырғызстан) арасында шахматтан жолдастық кездесулер өтті.
Екі құрамада үздік университеттерінің үздік ойыншыларымен бақ сынасты. Бірінші күннің тартыс нәтижесі қыздар арасында 6-3 есебімен ҚазҰУ командасы жеңсе, ұлдар арасында 8.5-0.5 есебімен Қырғыз елінің спортшыларын тізе бүктірді.
Екінші күннің қорытындысы бойынша да ҚазҰУ студенттері қарсылас командағы есе жібермеді: қыздар 4-2 есебімен, ұлдар 6-0 есебімен мүмкіндік бермей жеңіске жетті.

