- Негізгі бет
- Бакалавриат
Бакалавриат
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ – бұл үздіксіз білім берудің ірі аймақтық орталығы: мектеп-колледж-бакалавриат-магистратура-докторантура.
ҚазҰУ – барлық халықаралық заманауи талаптарға сай Қазақстандағы жоғарғы білім берудің флагманы.
Әл-Фараби атындағы университет республиканың ұзақ жылдардағы тарихы бойы ең таңдаулы университеттерінің бірі болып саналып келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, ол барлық жоғарғы білім беру жүйесіндегі республиканың білім беру мен ғылыми потенциалын ұтымды қалыптастырушы "законодателем моды" Мұндай жоғарғы оқу орнында оқу үлкен мақтаныш, себебі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу элиталық білім алуға жол ашады.
ҚазҰУ құрылған уақыттан бастап жүз мыңнан астам мамандарды дайындап шығып, еліміздің ғылыми-интелектуалды дамуына үлкен үлес қосты. ҚазҰУ түлектері мемлекеттік ұйымдар мен орындарда, серіктестіктерде, ірі банктерде, компаниялар мен жоғарғы оқу орындарында, халықаралық ұйымдар мен қорларда, ғылыми-зерттеу институттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейді.
Университетте жеке тұлғаның сапалы дамуы үшін, студенттің ойлау қабілетін дамытып, оның жоғарғы моральдік қасиеттерінің қалыптасуына, жеке қабілеттерін көрсетуіне және интеллектуалды потенциалын дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған.
Университет әлемдік деңгейдегі заманауи жоғарғы оқу орны болып табылады.
QS британдық рейтинг агенттігінің бағалауы бойынша ҚазҰУ 2011 жылы әлемнің ең үздік жоғарғы оқу орындарының тізіміне енді ( әлемнің ең үздік 500 университеті) 2012 жылдың 11 маусымында QS –"Тopuniversities" (әлемнің топ университеттері). халықаралық агенттігі әл-Фараби атындағы қазҰУ-ды тұрақты дамуға қатысты әлемнің көшбасшы университеттер тізімінде атады.
Көп ұзамай болашақта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ғылыми-зерттеу университет статусын алуды жоспарлап отыр. ҚазҰУ-да Университеттің бірыңғай телекомуникациялық жүйесі жұмысын қамтамасыз ету мақсатында және университеттің ғылыми, білім беру және Оқыту басқару қызметтеріне Интранет/Интернет технологиясын енгізу үшін Интернет-орталығы құрылған. Интернет орталығының мамандарының көмегімен студенттік әлеуметтік желі және "Студенттік өмір" порталы құрылады және локалды ақпараттық-есептеуіш желілер қызмет көрсетеді, студенттік жобаларға электронды және ақпаттық қызмет көрсету бойынша қолдау мен демеу көрсетіледі.
ҚазҰУ ғылыми жұмыстарының көлемі жағынан 20 миллион доллардан асатын, оның ішінде 10%-ы университет студенттерінің ғылыми жұмыстарын қамтитын Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны.
ҚазҰУ – Қазақстандағы ғылыми кадрлар шеберханасы іспеттес. Оның құрамына мынадай ғылыми институттар кіреді:
● Ғылыми-технологиялық парк;
● Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана;
● Физика-химиялық зерттеу және талдау орталығы;
● Инженерлік бағыттағы зертхана;
● Жану мәселелері ҒЗИ;
● Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ;
● Математика және механика ҒЗИ;
● Экология мәселелері ҒЗИ;
● Биология және Биотехнология ҒЗИ;
● Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ҒЗИ.
Біздің институттар көбінесе отандық ғылымның дамуын анықтаумен қатар, Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялық дамуына ықпал етеді.
Университетте университеттің даму стратегиясының негізінде ғылыми-өндірістік қызметті анықтайтын Іргелі және қолданбалы бағдарламалар жөніндегі кеңесі және Ғылыми-техникалық кеңесі жұмыс істейді.
ҚазҰУ – бұл әрбір оныншы қызметкері Қазақстан жоғары оқу орнының «Ең үздік оқытушысы».
ҚазҰУ – бұл Қазақстандағы орындалған әрбір төртінші ғылыми-зерттеу жобалары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазіргі таңда 400-ден астам шетелдік ірі университеттермен белсенді ынтымақтастық орнатып отыр. Университет қызметкерлері мен ғалымдарының халықаралық ғылыми ынтымақтастығы халықаралық зерттеу жобаларына белсенді қатысуға бағытталған.
Университет магистранттарға шетелдік жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына сынақ ісі мен оқуға баруына мүмкіндік жасап отыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттарының Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің желілік университеттері, сонымен қатар ТМД елдері мен Лотарингия ұлттық политехникалық институтының (Франция) магистратурасында екі дипломдық білім бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндіктері бар.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасындағы докторантура мамандықтарының мейлінше кең әрі толық тізімін ұсынады. ҚазҰУ докторанттары 85-тен аса университеттерде шетелдік ғылыми кеңесшілердің жетекшілігімен сынақ ісінен өтеді. Университет докторанттары ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бөлімін орындау мақсатында Австрия, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия, Жапония, Нидерланды, Германия, Испания, Израиль, Швейцария, Финляндия, Қытай, Ресей сынды жетекші ғылыми білім беру орталықтарына бара алады.
ҚазҰУ жыл сайын бизнес пен менеджмент, сонымен қоса нарық қорының қыр-сырын жетік білетін жоғары білікті мамандар мен жетекшілер дайындап шығарады. Университетте төмендегідей бизнес-бағдарламаларын ұсынатын МВА жұмыс істейді:
● МВА-Менеджмент;
● МВА-Экономика («Инновациялық кәсіпкерлік» атты білім беру бағдарламасы);
● МВА-Қаржы («Қаржыны басқару» атты білім беру бағдарламасы).
Университеттің жеке өзінің қазіргі заманғы құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген телерадиокешені бар.
ҚазҰУ қызметкерлер кеңесінің құрамында еліміздің экономика және әртүрлі қызмет саласында қызмет көрсететін мынадай ірі компаниялар бар: Microsoft Kazakhstan, KPMG, «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры», «Қазақстан Ұлттық Банкі», «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы, Ұлттық ғарыш агенттігі, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі, GSM Қазақстан байланыс операторы, Қазфосфат, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «Еуразиялық банк» АҚ, «Ел Арна» ТРК және т.б.
Университетте SIFE KazNU студенттер еркін кәсіпкерлікте жобасы жұмыс істейді. Бұл – экономика, әлеуметтану, білім беру, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық технологиялар саласында инновациялық жобаларды студенттердің өз бетінше жүзеге асыруына мүмкіндік беретін халықаралық бағдарлама. Жетекші ұлттық және әлемдік компаниялар SIFE жобасына қатысып, тәжірибе жинаған түлектерді жұмысқа тартуға талпынып, бағдарламаның дамуына қолдау көрсетіп отырады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) қазіргі жастар ғылымының негізгі мәселелерін белгілеуге және сол мәселелердің шешу жолдарын бірге іздеуге ұмтылатын жас шығармашылық адамдарының ассоциациясы. ЖҒК жоғары оқу орнының құрамында көрсетілген барлық мамандықтар мен факультеттердің жас ғалымдарын өз қатарына қосады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекеттік білім беру тапсырысының саны бойынша (білім беру гранты) көшбасшы болып табылады. Университетте мемлекеттік білім беру гранттарына қоса, жыл сайын ректор гранты да табысталады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алу үшін жеңілдіктер де қарастырылған.
Қазақстандағы ең әдемі концерт залдарының бірі – Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы. Ол 1620 адамдық орынға негізделген. Ал ауданы 14290 шаршы метрді құрайды.
Бүгінгі таңда ҚазҰУ тек қана республикалық емес, Орталық Азия аймағында халықаралық білім беру орталығы және әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты бағыт-бағдары, ұстанымы бар жоғары оқу орны ретінде дамып келеді.