Ағымдағы жылдың жаңалықтары

ҚазҰУ Есік қаласында өткен кәсіби бағытталған форумға қатысты

04.02.2019

2019 жылдың қаңтар айының 31-ші жұлдызында Алматы облысы, Есік қаласында «Современное образование» ҚҚ республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағытталған форумға Алматы облысының бірнеше жоғары оқу орындары, сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де атсалысты. Бітіруші түлектердің оқу орны мен болашақ мамандықты таңдауға көп үлесін тигізетін бұл жобаға шамамен 280-нен астам оқушы қатысты.