Ағымдағы жылдың жаңалықтары

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Назарбаев Зияткерлік мектептері қонақта

19.02.2019

2019 жылдың 15 ақпанында Назарбаев Зияткерлік мектептері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне кәсіптік бағдар бойынша ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында келді. Осы іс-шара аясында қатысушыларға кампус бойынша тур ұйымдастырылып, Физика-техникалық, механика-математика, Ақпараттық технологиялар, Химия және химиялық технологиялар, биология және биотехнология факультеттері және Экономика және бизнес жоғары мектебі білім беру бағдарламаларын ұсынды.