Ағымдағы жылдың жаңалықтары

Талғар қаласында «Современное образование» қорымен бірге ұйымдастырылған форум өтті

22.04.2019

«Современное образование» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Талғар қаласында 2019 жылдың 15-ші наурызында оқушыларға арналған кәсіби бағытталған форум өтті. Бұл шараға «Тұран», «Синергия», Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сынды жоғары оқу орындары қатысты. Форумда оқушылар университет өкілдеріне өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, пікір алмасты.