2019 жылдың сәуір айының 12-ші жұлдызында Жамбыл облысы, Ұзынағаш ауылында «Современное образование» ҚҚ республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағытталған форумға Алматы қаласының бірнеше жоғары оқу орындары, сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де атсалысты. Осы жобаға бітіруші түлектер белсене қатысты, себебі, бұл оларға болашақ мамандық пен тиісті оқу орнын таңдауға көмектеседі.