Оқушыларға
`Әл-Фараби` Халықаралық Олимпиадасы

`Әл-Фараби` Халықаралық Олимпиадасы

11-12 сынып оқушыларына арналған

"Әл-Фараби-2021" Халықаралық олимпиадасын

өткізу туралы ақпараттық хат

 

     Дарынды оқушыларға қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының басшылығымен "әл-Фараби" атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" Халықаралық олимпиадасын өткізеді.

     Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2014 жылдың 12-қарашасындағы №460 бұйрығына сәйкес Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне "Әл-Фараби" Халықаралық олимпиадасы енгізілген.

       Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер ЖОО-на түсу үшін білім беру грантына артықшылық құқығына ие және олимпиада барысында таңдаған мамандығына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ішкі грантына ие болуға септігін тигізеді.

       Халықаралық олимпиада үш кезеңде өтеді: І және ІІ кезеңдер on-line түрде www.kaznu.kz сайтында http://online-test.kaznu.kz сілтемесі арқылы өтеді. ІІІ кезең әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де өтеді.

       Олимпиада келесі пәндер бойынша жүргізіледі: ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, неміс тілі, орыс тілі және әдебиеті, физика, француз тілі, химия.

         Сонымен қатар, Сіздердің назарларыңызға Халықаралық олимпиада бойынша www.kaznu.kz сайтында онлайн-түрде 2020 жылдың 23-қарашасынан 2020 жылдың қараша айының 30-на дейін тіркеу және 2020 жылдың 1-желтоқсанынан 2020 жылдың желтоқсан айының 25-не дейін байқау түрінде тестілеу жүргізіледі. І кезең 2021 жылдың қаңтар айының 13-жұлдызында Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 11:00-ден 12:00 аралығында Алматы қ., Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және қаңтар айының 14-жұлдызында Шымкент қ., Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарында сағат 11:00-ден 12:00 аралығында өткізіледі.

       Шетелдік оқушылар үшін І кезең 2021 жылдың 15-қаңтар күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 12.00 мен 13.00 аралығында жүргізіледі. Қатысатын мемлекеттер: Түркия, Үндістан, Ресей, Молдавия, Белоруссия, Украина, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Иран, Ирак, Пакистан, Бразилия, Қытай, Жапония, Корея, Германия, АҚШ, Польша, Франция, Италия, Нидерланд, Австралия, Канада, Испания, Швеция, Греция, Чехия, Эстония, Венгрия, Иордания, БАЭ, Монғолия.

         ІІ кезең ақпан айының 10-шы жұлдызында Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 11:00-ден 12:00 аралығында барлық мемлекеттерде онлайн түрде өтеді.

         І кезеңнен ІІ кезеңге, ІІ кезеңнен ІІІ кезеңге өту баллы 23 баллдан жоғары болу керек.

         Қазақстандық оқушылар үшін ІІІ кезең 2020 жылы наурыздың 10-11 күндері өтеді.

         Шетелдік оқушылар үшін ІІІ кезең 2021 жылдың 16-наурызы күні  Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 11.00 мен 13.00 аралығында скайп арқылы онлайн түрде өтеді.

         Жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиаданың ІІІ кезеңінің тапсырмалары теориялық және практикалық есептер түрінде, ал жалпы-гуманитарлық бағытта эссе мен университеттің зертханалық кешендерінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша теориялық сұрақтардан тұрады.

     Сұрақтар бойынша: Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

тел.: 8 747 666 70 10; ішкі – 1574.