Cтуденттер клубы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Студенттер клубының директоры: Канафьева Шынар Ерланқызы
Тел:377-33-33,(ішкі 1333)
e-mail: kanafeva.shynar@kaznu.kz
Студенттер клубы
Білімнің алтын ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі студенттерге шынайы өнер арқылы әсер ететін тәрбие ошақтарының бірі – Студенттер клубы болып табылады. Студенттер клубы түрлі мәдени қажеттіліктерді қарастыру, студенттердің, колледж оқушыларының өзіндік шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында 1997 жылдың қыркүйек айында құрылған.
ҚазҰУ-дың студенттер клубы - бұл:
- түрлі жанр мен бағыттағы 10 жалпыуниверситеттік, 30 факультеттік шығармашылық ұжым;
- 500-ден аса концерттік нөмірлері бар репертуар;
- жылына 100-ге жуық іс-шара мен акциялар;
- жыл сайынғы қалалық және республикалық деңгейдегі студенттік фестивальдардың лауреаттары мен жеңімпаздары.
Студенттер клубында 10 үйірме, 13 қызметкер жұмыс істейді.
Студенттер клубының үйірмелері:
- "Фараби сазы" ұлт-аспаптар окестрі
- "Бахыт" би ансамблі
- "БІЗ" студеттер театры
- Вокал үйірмесі
- Эстрада үйірмесі
- "Жас ақындар" үйірмесі
- Домбыра үйірмесі
- Қобыз үйірмесі
- Хор үйірмесі
- Көңілді тапқырлар клубы
Әр түрлі үйірмелерде тұрақты 800-ден астам студенттер мүшелік етеді. Үйірме жетекшілері арнайы , жоғары музыкалық білімі бар кәсіби мамандар.
Cтуденттер клубында арнайы көркемөнерпаздарға арналып тігілген сахналық костюмдер, қажетті музыкалық аспап түрінің бәрі бар.
Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында дәстүрлі «1-курс ТАЛАНТТАРЫ», «Студенттік көктем», «Ана тілі аруы», «Жігіт сұлтаны», «ҚазҰУ аруы», т.б. байқаулар мен фестивальдер, студенттік халықаралық форумдар, т.б. өткізіледі. Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы студенттер өнерін шыңдайтын құтты мекен.