- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі шығыстанушы, Мичиган университетінің профессоры А.Д.Кныштың қатысуымен «Академиялық исламтану және конфессиялық исламтану: жақындасу немесе өзара бас тарту?» атты тақырыпта вебинар өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің ғалымдары «Қолдану ауқымы кең көміртекті наноқұрылымды материалдар өндірісін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асырып жатыр. Наноматериалдар – бүгінгі күннің тың тақырыбы. Қолданыс аясы ауқымды болғандықтан, оған әлемде қызығушылық та, сұраныс та басым. Ал біздің ғалымдар осы жобаны іске асыру арқылы алдына қандай мақсат-міндет қойып отыр? Бұл жобаның тиімділігі неде? Жоба жетекшісі Данияр Исмаиловтың қатысуымен бүгін оқырмандарды осы зерттеу жұмысымен таныстырмақпыз.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №7 (1833) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері, магистрант, докторанттары!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірқатар оқытушы-профессорлары Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік марапатқа ие болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Саяси реформалар 5.0: сарапшылар көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған танымал ғалымдар мен сарапшылар, саясаттанушылар, оқытушы-профессорлар және білім алушы жастар қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын ел азаматтары айрықша күтті. Өйткені бұл шын мәнінде әдеттегі Жолдаудан мәні ерекше, Жаңа Қазақстанды дамытудың алғышарты мен саяси реформалардың жаңа бағдарламасы айқындалатын маңызды сәт еді.

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз апталығы аясында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектебінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2022» шығармашыл жастар фестивалі өз мәресіне жетті. Жыл сайынғы дәстүрлі сайыста ең креативті, жарқын және талантты қатысушылар анықталып, қорытындысы шығарылды.