- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Алдағы уақытта әлемде микробалдыр өндірісі жыл сайын тұрақты түрде өсіп отырады. Бұл – Fututre Market Insights компаниясының болжамы. Өйткені тұтынушылар арасында органикалық таза, құнарлы тағамдар мен биологиялық белсенді қоспаларға (ББҚ) деген сұраныс өсуде. Компания зерттеулерінде 2031 жылға дейін аталмыш нарық көлемі 135 млн АҚШ долларына жететіні көрсетілген. Микробалдыр өндірісіне қарқын беретін тағы бір сала – агроөнеркәсіп.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №5 (1831) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ қалашығы аумағын аралап, асханалар мен кофеханалар жұмысымен танысты.

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктем нұрымен бірге келген шырайлы мереке көңілдеріңізді гүлге, жандарыңызды шуаққа бөлесін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне тарту ретінде The library кофеханасы ашылды. Енді ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері және қонақтары әрбір жаңа күнін көңіл сергітетін дәмді кофемен бастай алады. Ашылу құрметіне орай, әрбір адам кофені 100-ден 600 теңгеге дейін өздері бағалап, сатып ала алатындай арнайы жеңілдіктер қарастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» (UNAI) бағдарламасының жаһандық хабын басқаруды одан әрі жалғастырады.
Бұл туралы БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Серіктестік және жаһандық іс-әрекет департаментінің басшысы Роберт Скиннер мәлімдеді. Бұл Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіргеніне биыл 30 жыл толып отырған кезеңінде ерекше маңызға ие.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филология ғылымының докторы, профессор Мархабат Томановтың 90 жылдығына арналған «Түркітанудағы диахрондық парадигма» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіргеніне 30 жыл толуына арналған семинар өтті.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзінде ұйымды жаңғырту туралы мәселе көтерді. 23 жыл бұрын құрылған саяси ұйымның заман талабына, әлемдегі ахуалға, жаңа құндылықтар мен қауіп-қатерлердің пайда болуына сәйкес өзгеріске ұшырауы шынайы қажеттілік екені мәлім.