- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев сарапшылар тобымен кезекті жиын өткізді. Кездесу барысында ректор қаңтарда орын алған қайғылы оқиғаға орай, университеттің ғалымдары мен сарапшылары бірлесіп жұмыс істеу керектігін жеткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «TAV Airports Holding» президенті әрі бас директоры Мұстафа Сани Шенер ғылым, техника және бизнес тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды. Оған оқу орнының жас ғалымдары мен оқытушылары, студенттер қатысты.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №2 (1828) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрінің қатысуымен «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бүгін «Ғылым ордасы» ғимаратында өткен жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары форумында білім мен ғылым интеграциясы мәселелері талқыланып, ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының иегерлерімен кездесті.

Биылғы оқу жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еліміз бойынша алғаш рет «Геоақпараттық картография» мамандығы ашылды. География және табиғатты пайдалану факультетінің Картография және геоинформатика кафедрасында оқытылатын білім беру бағдарламасының магистратура, докторантура деңгейінде кешенді түрде енгізілуі мамандықтың қоғамға қажеттігін көрсетеді.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №1 (1827) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Қазақстанда жас ғалымдардың саны артты. 2018 жылы ғалымдар саны 8000-нан астам болса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ғылым саласында 9200 жас қызметкер еңбек етеді. Ғылым саласына жас мамандарды тарту үшін Білім және ғылым министрлігі ауқымды жұмыс атқарды.

«Хабар» және «Хабар 24" телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетілді. Президент қоғамды алаңдатқан "қасіретті қаңтар" оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап берді.