- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде төтенше жағдай кезінде қалашық аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге сыйақы берілді.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №44 (1826) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Құрметті білім алушылар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде босаған білім беру гранттары туралы, сондай-ақ оларға сәйкес мамандықтар бойынша ақылы білім беру шартына қол қойған және талаптарға сай білім алушылар үміттене алатынын хабарлайды. Толық ақпарат алу үшін деканаттарға хабарласыңыздар.

«Қасіретті қаңтарда» қаншама отандасымыз жазықсыз оққа ұшып, ауыр жарақат алды. Жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік шабуылдардың кесірінен қаза болған жандардың отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті елдегі төтенше жағдай режимінде білім алушыларға жан-жақты қолдау көрсетуде.

Халқымызда «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген сөз бар. Бейбіт шеруге шығып, өз талаптарын айтуға талпынған қарапайым халық пен елдің тыныштығын бұзып, мүлігін қиратып, шаңырағымызды шайқалтпақ болғандар, сөзсіз, екі бөлек қоғам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысына қатысып, Үкіметтің жаңа басшысын ұсынды. Президент Жаңадан жасақталатын Үкіметке бүгінгідей қиын кезеңде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізімін ұсынуды тапсырды.

Елімізде орын алған жаппай қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылық кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Халқымыз аман, болашағымыз жарқын, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!


Елімізде орын алған күрделі жағдай барлық қоғам мүшелерінің таралып жатқан ақпараттарға салқынқандылық танытып, байыппен қарауын талап етеді.