- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

«Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым. Мен былтыр наурыздағы Жолдауымда осы құрылтайды шақыру туралы бастама көтердім. Бұл қадам қоғамдық диалогты нығайта түсу үшін жасалды. Сондай-ақ мұнда ұлттың болашағына ықпал ететін елдік мәселелер талқыланады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Тілдер мен мәдениеттерді оқытудағы жаңа трендтер» атты жазғы білім беру мектебі өз жұмысын бастады. Шара қазіргі тіл білімі мен әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі өзекті мәселелерді қамтиды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Тілдер мен мәдениеттерді оқытудағы жаңа трендтер» жазғы білім беру мектебі аясында белгілі қазақстандық жазушы, аудармашы және ойшыл Герольд Бельгерді еске алуға арналған шығармашылық шара өтті.

Әл-Фараби кітапханасы базасында 8-14 жас аралығындағы балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған Camp for All атты инклюзивті жазғы лагерінің жұмысы басталды. Шараны философия және саясаттану факультетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы ұйымдастырды.

Ақтау қаласында ҚР ЖОО студенттері арасында өтіп жатқан XII жазғы универсиада ойындарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бадминтоннан құрама командасы алтын медаль ұтып алды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Париждегі Саяси зерттеулер институты Тарих департаментінің директоры Сабина Диллэн (Sciences Po Paris) бастаған делегация келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдары «Әртүрлі мамандықтағы оқушылар мен студенттерге арналған оқу-зертханалық стендтер шығару» жобасын жүзеге асыруда.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №24 (1891) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Squirrels KazNU» студенттік әйелдер құрама командасы Ақтау қаласында өтіп жатқан 3х3 баскетболдан XII жазғы универсиаданың жеңімпазы атанды.

Мемлекеттердің пайда болуымен қазынаны басқаратын адамдар – алғашқы қаржыгерлер пайда болды. «Қаржы» термині тамплиарлар тұсында, XIII-XV ғасырларда Италияның сауда қалаларында қолданыла бастады. Бүгінде инновациялық бизнесті дамытуда және оны цифрландыруда қаржыгер мамандығының танымалдылығы артты. Олар компанияларға өзгерістер дәуірінде де нық тұруға көмектеседі.