- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ радиосының 100 жылдығына орай, Qazaq radiosy – ғасыр шежіресі: тарихы, дамуы және болашағы» атты шеберлік сыныбының апталығы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, оқытушы-профессорлар, білім алушы жастар қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Алтын сапа» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби шәкірттері – VI» дәстүрлі қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Жарысқа Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Механика кафедрасының 85 жылдығы аясында академик Шахбаз Ершин атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі қорытындыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасының үлкен залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне орай, «Тәуелсіздік тағылымы: 30 жылдағы 30 сәт» атты танымал отандық фотожурналистер мен ҚазҰУ-дың журналистика факультеті студенттерінің шығармашылық фотокөрмесі өтті.

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ІІ Жұмабек Кенжалин оқулары аясында «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: тəуелсіздік тынысы» атты республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Шараға танымал қаламгер-журналистер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен білім алушы жастар қатысты.

Бүгін «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында «Кітап fest» жәрмеңкесі ашылды. Оған университет оқытушылары және білім алушы жастармен қатар, қала тұрғындары мен қонақтар келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» онкүндігі аясында волейболдан қыздар арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған турнир өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан механика-математика факультетінің командасы «ETU Robocon 2021» университеттер арасында робототехника бойынша ІІ республикалық чемпионатқа қатысып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.