- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №42 (1824) саны жарық көрді.Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдамсілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары» кітабы талқыланды. Оған белгілі қаламгерлер Ермахан Шайхыұлы, Нұржан Қуантайұлы және жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев қатысып, кітаптың құндылығы төңірегінде жастармен емен-жарқын сұхбаттасты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаппай ашық онлайн курсы биыл әлем бойынша білім беру платформаларында іске қосылған 2900 курстың 100 ең танымал тобына кірді. «Молекулярлық биология әдістері» деп аталған курс, беделді Class Central онлайн курс іздеу жүйесі мәліметі бойынша, білім алушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Елдіктің жеті тұғыры» атты «Jas Otan Cases» жастар сессиясы өтті. Шараны Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының төраға орынбасары Әкежан Кеңесов ашып, Елбасы үндеуінің мәні мен маңызына тоқталды.

Цифрлық технологиялар дамуындағы әлемдік үрдістер бүгінде бұрын жаңаша саналған салалардың өзіне жоғары талаптар қоюда. Осы ретте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Геодезиядағы Big data» жаңа білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлауды бастап кетті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі басталды. Танымдық шараның алғашқы күні студенттер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына барып, тарихи тұлғаның балалық шағы мен қызметтік жолымен танысып қайтты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі басталды.

Биыл – Қазақ елі үшін ғасырлар бойы күткен және қантөгіссіз қол жеткізген Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Жүрегі «елім» деп соққан әр азамат үшін бұл – елеулі оқиға, тарихымызды танудағы бетбұрысты кезең.

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Тұңғыш Президент күні ең қастерлі мереке –Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жас кәсіпкерлер форумы өтті. Спикер ретінде Нұрлан Смағұлов, Арманжан Байтасов, Асылбек Қожахметов, Қайрат Мәжібаев, Гауһар Қаппарова, Нұржан Жаңабеков және басқа да көптеген танымал кәсіпкерлер сөз сөйледі.