- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Будапешт қаласындағы Парламент үйінің қалыптасу тарихына арналған көрме ашылды. Шараға Мажарстанның Алматыдағы бас консулы Ференц Блауман, университеттің оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты.

Қазақ журналистикасының алтын ұясы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына орай,«Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған апталық қорытындыланды. Аптаның соңғы күні университет студенттері Сүйінбай Аронұлы және Жамбыл Жабаевтың кесенесі мен мұражайына арнайы барды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі отырысында Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев заң факультетінің түлектері Жандос Жетпісбай мен Досжан Қасымбековке Висмар университетінің мигистрлік дипломдарын табыстады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің бірінші курс студенті Диас Әнуар Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін білім гранттары жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін бөлінеді. Жоғары оқу орындары арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурсы 2021 жылғы 29 қарашада басталады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары биомедициналық қалдықтарды жоюдың инновациялық әдісін ойлап тапты. Отандық ғылыми зерттеушілер әзірлеген қалдықтарды қайта өңдеудің плазмалық технологиясы мен плазмохимиялық реактордың әлем бойынша баламасы жоқ. Әзірлемелер арнайы патенттермен қорғалған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасы және Әл-Фараби орталығының ұйымдастыруымен ІІІ Қазақстандық философиялық конгресс аясында Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың 90 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ағын Қасымжанов – ғалым-философ, фарабитанушы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін!» республикалық патриот жастардың форумы өтті. Дәстүрлі түрде тоғызыншы мәрте өткізіліп отырған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл апталығы аясында «Жамбыл және түркі әлемі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Болгария, Башқұртстан және Саха Республикасынан танымал жамбылтанушы, әдебиетші, тілші ғалымдар мен оқу орнының білім алушы жастары қатысты.