- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Соңғы жылдары аквакультурадағы бекіретұқымдас балықтарының өндірісі әлемдік нарықта уылдырыққа деген үлкен сұранысқа байланысты айтарлықтай өсті. Аквакультурада бекіре балығын өсіру – популяция санының азаюы және бекіретұқымдас балықтардың өмір сүру циклін қалпына келтіруге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кезекті Ғылыми кеңесінде университет дамуының маңызды сұрақтары талқыланды. Күн тәртібіне ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту мен ғылымды цифрландыру, бизнес үдерістерін оңтайландыру мен цифрлық реинжиниринг және қазіргі заманғы жағдайларда қашықтан оқытуды іске асыру үшін оқытушы-профессорлар құрамының цифрлық құзыреттерін дамыту сұрақтары шықты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Неапольдағы L'Orientaleуниверситетінің Азия, Африка және Жерорта теңізі зерттеулері факультетінің доценті Томмазо Тревизанимен кездесу өткізді. Тараптар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен L'Orientale университеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студент жастары Жамбыл ұрпақтарымен жүздесті. Кездесуге жазушы, жамбылтанушы Нағашыбек Қапалбекұлы мен белгілі әнші Ержан Қосбармақов бастаған ақын ұрпақтары келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығына арнайы барды. Университет басшысы ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғауға арналған биологиялық және медициналық препараттармен танысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Al-Farabi Business School түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №41 (1823) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Биыл көрнекті ғалым, дарынды ойшыл, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымының докторы, профессор, әл-Фарабидің туған топырағына қайта оралып, насихатталуына өлшеусіз үлес қосқан Ағын Қасымжановтың туғанына 90 жыл толып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жамбыл апталығы аясында «Ақ домбыра қолға алып...» атты жыр кеші өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Корея Республикасы елшілігі жанындағы білім беру орталығының директоры Ким Тэхван келді. Университетке арнайы келген құрметті мейман басқосуда екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.