- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Алматыда археолог-ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақовтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері қатысты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, экономика ғылымының докторы, профессор, белгілі экономист Гүлжан Қарағұсова «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан экономикасы» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті БҰҰ-ның тұрақты дамуға арналған «Академиялық ықпал ету» бағдарламасының жаһандық хабын басқарады. Сондықтан оқу ордасы халықаралық академиялық қоғамдастықты БҰҰ қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға шақыруда. Соның бірі – қоршаған ортаны қорғау.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Ресей халықтар достығы университетінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығы қарашаңырақ кітапханасына «Қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы және дамуы (куәгерлер көзімен)» кітабының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі бірнеше данасын сыйға тартты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан мен Беларусьтің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми-білім беру консорциумы қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VIII отырысына қатысты.

Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады. Ақшалай сыйақылар «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының қорытындысы бойынша беріледі. Бұл ғалымдарды қолдауға бағытталған алғашқы ауқымды сыйақы. Өтінімдер қабылдау 15 қарашада басталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия ғылымының докторы, профессор Мұханмадияр Орынбековтің 75 жылдығы және Халықаралық толеранттылық күніне арналған «Дінтанудағы қазіргі заман тенденциялары. Постнормальды кезең мәселелері: антропологиялық дискурс» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

ҚазҰУ бүгінгі таңда 300-дей әлем университеттерімен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнатып отыр. Университеттердің Халықаралық, Еуропалық және Еуразиялық Қауымдастықтарының мүшесі болып табылады. 200 үздік университеттер қатарына кіреді, еліміздің жетекші ЖОО ретінде шетелде кеңінен танымал.

Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжаттар қабылдау мерзімі 18 қарашаны қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды. Естеріңізге сала кетейік, 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтихандарына құжаттар қабылдау басталғаны туралы жарияланған болатын.