- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, биология ғылымының докторы, профессор Наштай Мұхитдиновтың қазақ ғылымына сіңірген еңбегі орасан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұлағатты ұстазы әлі күнге білгенін шәкірттерге үйретуден жалыққан емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 жарлығы тарихымызда орын алған әділетсіздіктерді объективті тұрғыда қалпына келтіруге жол ашты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымының докторы, профессор Сауытбек Абдрахманов 70 жылдық мерейтойы аясында «Журналист жүгі» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ елінің жаңа дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы факультет декандары мен кафедра меңгерушілері ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты өкілдерімен онлайн кездесті.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №40 (1822) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
Бәсекеге қабілетті болу үшін білім беру бағдарламасы ғана емес, тәжірибе жасайтын құрал-жабдықтардың сапасы мен құрылымы да аса маңызды. ҚазҰУ ғалымдары мектеп қабырғасындағы оқушылар үшін электрлі-магниттік құбылыстардың негізін зерттеуге арналған инновациялық бағдарламалық-аппараттық комплекс жасап шығарды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Цифрлық трансформация жағдайындағы медиа және PR» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ұлттық цифрлық экономиканы дамыту жаңа форматтағы мамандар даярлауды талап етеді. Осы міндет үдесінен шығу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ағымдағы оқу жылы «Цифрлық экономика» жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді.
