- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері қолбасшылығының келісімі бойынша Алматы гарнизонының әскери бөлімінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әскери кафедрасының студенттерімен тәжірибелік сабақ өткізілді.

Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейханұлы – ХХ ғасыр басындағы ұлт көсемі» атты дөңгелек үстел өтті. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биолог ғалымдары әлемдегі аса танымал «Шпрингер» баспа үйінен жарық көрген «Микробиологиялық қауымдастықтар және олардың экстремалды ортадағы өзара әрекеті» ұжымдық монографиясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялады.

Қазақстанда волонтер-студенттерді материалдық ынталандыру жүйесі енгізілді. Енді волонтерлік қызметпен белсенді айналысатын білім алушылар атқарған еңбегі үшін ақшалай сыйақы ала бастайды. Сондай-ақ академиялық кредиттер есептелуі мүмкін. ҚР Білім және ғылым министрлігі тиісті нормаларды енгізді.

Елімізге белгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Марат Шамұратұлы Хасановтың 80 жылдық мерейтойына орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде «Қазақстан философиясының Еуразиялық дискурсы» атты дөңгелек үстел өтті.

Адамзат ақпарат ғасырына қадам басқан қазіргі таңда өскелең буын тәрбиешісі, рух сәулетшісі – ұстаз рөлі өлшеусіз өсті. Мұны өз университетіміздің мысалынан да айқын көріп отырмыз. Олар халықтың көкірек көзін ашып, санасына ілім-ғылымның нұр сәулесін құятын, ұрпақ бойына ұлттық және азаматтық құндылықтарды сіңіретін бірден-бір тұлға.

Педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды. Жалпы педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға 138 қосымша қайтарылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы болашақ педагогтерді даярлау сапасын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Мексика Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Хосе Луис Мартинес Эрнандес бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Еркiн болу – қай кезде де баға жетпес қазына. Бұл күнге жету жолында ата-бабаларымыз, аға-әпкелерiмiз жан алысып, жан берiстi, соңғы демдерi таусылғанша азаттық жолында айқасты. Дұшпандарын күйiндiрiп, достарын сүйiндiрiп келген Тәуелсiздiк таңы барша қазақтың сөнген үмiтiнiң қайта жанған күнi болды.

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «30 жылдыққа – 30 апталық» бағдарламасы аясында оқытушы-профессорлық құрам мен студенттер алдында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және сыртқы саясаттағы жетістіктер» деген тақырыпта дәріс оқыдым.