- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №39 (1821) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдамсілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және көрнекті ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына орай, «Суреткер. Ғалым. Ұстаз» атты кездесу кеші өтті. Басқосуға танымал ақын-жазушылар, ғалымдар, университет оқытушылары мен студент жастар қатысты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және филология ғылымының докторы, профессор Ольга Баймұханқызы Алтынбекованың мерейтойы құрметіне «ХХІ ғасырдағы филология және лингводидактика: жетістіктері, инновациялары, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы басталды. Айтулы шараға Финляндия, Түркия, Венгрия, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары, сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғылыми-педагогикалық мекемелерінің оқытушылары мен қызметкерлері, білім алушы жастар қатысуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мәңгілік ел» сағаты салтанатты түрде ашылды. Бұл архитектуралық нысан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, түлектердің университетке сыйға тартуы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Біздің тарих» патриоттық акциясы өтті.

Ұлы ойшыл әл-Фараби есімін иеленген университетте болып жатқан әр алуан жаңалық тек университет ұжымын ғана емес, республика жұртшылығын да елеңдетері анық. Өйткені Әл-Фараби университеті қазақ білімінің қарашаңырағы ғана емес, бүгінгі таңдағы білім мен ғылым саласындағы қазақ бренді де. Ұлы ғұлама әл-Фараби есімі тек ҚазҰУ-дың ғана емес, еліміздің имиджін әлемдік деңгейге көтеруге ықпал ететін аса құнды рәміздік капитал санатында екені тағы бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықаралық байланыстар басқармасы бастығының орынбасары Анушервон Асоевты және Мемлекеттік басқару академиясының Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Алишер Саидмухторовты қабылдады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы Дағыстан астанасы Махачкалада өткен Жоғары оқу орындарындағы кәсіподақ ұйымдарының Еуразиялық қауымдастығының XXXIII съезіне қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы негізінде құрылған «Student Sky» media club ашылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы Beauty secret заманауи сән студиясымен толықты.