Жаңалықтар

Жаңалықтар


03.11.2021 Танымал актерлермен сыр-сұхбат өткізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы «ҚазҰУ студиясы» университеттік жобасын ұйымдастырды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, өнер саңлақтарымен сырлы сұхбат, студенттермен тағылымды кездесулер өткізу.


03.11.2021 "Ғылым туралы" заңға енгізілген түзетулер туралы

Парламент «Ғылым туралы» Заңына түзетулерді қабылдады. Заңға енгізілген түзетулер ғылым саласын қаржыландыру мен қолдау шараларын жақсартуға бағытталған.


03.11.2021 Рухани құндылық – тәрбие тетігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында «Руханият сабақтастығы: Әл-Фарабиден – Низамиге дейін» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Ақын Низами Гянджавидің 880 жылдығына арналған ауқымды шараға Қазақстан және Әзірбайжанның танымал ғалымдары мен жазушылары, оқытушылар, студент-жастар қатысты.


03.11.2021 ҚазҰУ-да түркітану тереңдетілді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы «Түркітану және тіл теориясы» атауына өзгертілді.


02.11.2021 Ғылым жетістігі үшін мемлекет марапаты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы «Әл-Фараби» Мемлекеттік сыйлығына ие болған отандық антибиотикті әзірлеу жөніндегі ғылыми жобаға қатысты. Бұл – ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегіне мемлекеттің жоғары марапаты.


02.11.2021 ҚазҰУ магистранты үздіктер қатарында

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 1-курс магистранты Әзіл Заманбек «Ақылды жылыжай» жобасымен 2021 жылдың 29 қазанында Алматы қаласының «Байқоңыр» метрополитен станциясында Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасы мен Білім басқармасының қолдауымен Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырған «UpGrade» инновациялық идеялар көрмесінде 3-орынды иеленді.


02.11.2021 Журналистер тәлімгері

Журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, ғалым, профессор м.а. Назгүл Шыңғысова мерейлі 50 жасқа толып отыр. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1999 жылдан бастап қызмет етеді. 


02.11.2021 Медициналық қалдықтардан синтез газ алудың айрықша әдісі

Күн сайын әлемде әрбір аурухана төсегінен 0,5 келі биомедициналық қалдық бөлінеді. Ал Қазақстан бойынша жылына 18 мың тонна БМҚ шығарылады. Қазіргі таңда әсіресе коронавирус пандемиясынан кейін мұндай қалдықтарды утилизациялаудың маңызы арта түсті. 


01.11.2021 Құқықтық даму мәселелері қамтылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 жылдыққа – 30 апталық» бағдарламасы аясында белгілі мемлекет қайраткері, Қазақ мемлекеттік заң институтының тұңғыш ректоры, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Нұрпейісов Еркеш Қалиұлы көшбасшылық дәріс оқыды. «Қазақстан Тәуелсіздік қарсаңында» атауымен өткен шараға оқытушылар мен студенттер қауымы қатысты.


01.11.2021 Тарихшы еңбегі жарық көрді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақ университеті» баспа үйі» баспаханасынан белгілі режиссер, драматург, университет түлегі, тарихшы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Ерсайын Төлеубайдың үш томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.