- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Халқымыз «Ғылым – теңіз, білім – қайық, білім іздеген өсер» дейді. Біз физиология ғылымын жан-жақты жетік білетін, ұзақ жылдар бойы студенттерге дәріс оқып, олардың талайын білімді ғалым етіп шығара білген, өзінің ғылыми мектебі бар, биология ғылымының докторы, профессор Қабдрахман Дүйсембіұлы туралы айтқымыз келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1-курс студенттері арасында «Жас талант» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі додаға биыл 2 мыңнан астам өнерпаз қатысты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Пәкістан Бірлескен штабының сыртқы әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры, генерал-майор Маджид Джихангирдің басшылығымен әскери делегация келді. Әскери шенділер Алматыға ресми сапары аясында білім ордасының шығыстану факультетіне ат басын бұрып, Мухаммад Али Джинна орталығының жұмысымен танысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының делегациясы Түркияның ең ірі университеттерінің бірі – елдің әйгілі білім беру орталығы болып табылатын Ақтеңіз университетінде болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылғы 20-26 қазан аралығында Сочи қаласында өткен IPR Media 2021 IV халықаралық білім беру интенсивіне қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі жаңа оқу жылы түбегейлі өзгерістермен басталды. Ең бастысы, ешқандай сала назардан тыс қалған жоқ. Үш оқу корпусында күрделі жөндеу аяқталып, студенттер жатақханаларында жөндеу жүргізілді.

Қарашаңырақтағы шығыстану факультетінің ұжымы шығыстанушы, лингвист, филология ғылымының докторы Баян Жұбатованың 60 жылдық мерейтойын атап өтті.

Түркияның Қоршаған орта және урбанизация вице-министрі Мужахит Демирташ Түркия төрінде ұйымдастырылған ХVI халықаралық Анкара кітап көрмесіне қатысып жатқан қазақстандық делегацияны қабылдады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «30 жылдыққа – 30 апталық» бағдарламасы аясында көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат Қанат Саудабаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және сыртқы саясаттағы жетістіктер» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларды Анталия Білім университетіне «Түрік жоғары білім беру жүйесі» біліктілігін арттыру курстарына жіберді.