Жаңалықтар

Жаңалықтар


20-қыр-21 Министр көңіл айтты

Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Қазан қаласындағы теракт кезінде жақындары қаза тапқандардың жан-жаралары әлі де жазыла қойған жоқ. Бүгінгі оқиға жығылғанға жұдырық болып отыр.


20-қыр-21 Дипломат дара жолымен бөлісті

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Төтенше және өкілетті елші Дулат Қуанышевпен кездесті. Қайраткер ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, көшбасшылық дәріс оқу үшін білім ордасына арнайы келді.


19-қыр-21 Лидерлік дәріс

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және өкілетті елші, дипломат ҚУАНЫШЕВ Дулат Оразбекұлының лидерлік дәрісі өтеді.


18-қыр-21 ҚазҰУ қалашығындағы Alma Fest

Алматы қаласы күніне орай ұйымдастырылған Alma Fest фестивалі аясындағы Фараби университеті күні жалғасуда.


17-қыр-21 Оңтүстік Африканың үздік университетімен байланыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Оңтүстік Африка республикасы Елшілігінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Пис Кеннеди ресми іс-сапармен келді. Кездесуде ынтымақтастық, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және бірлескен жобаларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

 


17-қыр-21 Қазақстан студенттер Альянсымен меморандумға қол қойылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан студенттер альянсы» (ҚСА) республикалық студенттер қозғалысымен» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

 


17-қыр-21 Бірлескен ғылыми зерттеулер

Қазақстандық жоғары оқу орындарында жаңа оқу аудиториялары, зертханалар мен орталықтар ашылды. Олар Жапония, Латвия, Эстония, Ресей және Беларусь университеттерімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сондай-ақ ҚР БҒМ ведомстволық бағынышты университеттер материалдық-техникалық базаны жаңартып, студенттерді оқыту үшін жаңа жабдықтар сатып алды.


16-қыр-21 Студенттерге арналған бизнес-семинар

ҚазҰУ-да Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында Фараби университеті күні атап өтілуде. Ауқымды шара Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған болашағы зор жастарға арналған «Business Day Almaty 3.0» тәжірибелік семинардан бастау алды.


16-қыр-21 Клара ҚАБЫЛҒАЗИНА, журналистика факультетінің профессоры: Бірлігі мықты елдің ырзығы мол

«ҚазССР» деп таңбаланатын мемлекетіміздің тәуелсіз Қазақстанға айналғанын естіген күн мәңгі есімде. Қолымда екі жастағы балам бар еді... Іштегі бұлқынған, буырқанған, лақ етіп шығарға саңылау таппай тұрған көп жылдарғы қордаланған жалын көзден тарам-тарам ағылды-ай дерсің... Не болғанын түсінбеген сәби кішкентай саусақтарымен бетімді сүртіп жатыр, «Құлыным-ай, сен азат елдің ұрпағы боласың» деп сөйлеп қоямын.


15-қыр-21 Қуғын-сүргін құрбандары ақталады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Алматы қалалық мемлекеттік комиссия құрамындағы университет ғалымдарымен кездесті. Басқосуда зерттеу барысы сөз болып, ғалымдардың ғылыми жұмысына жан-жақты қолдау көрсету жолдары талқыланды.