- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

«Табиғи пластик» десе, құлағыңызға түрпідей тиюі мүмкін. Бірақ шалыс естімедіңіз, өйткені университетіміздегі биотехнолог мамандар биологиялық пластик жасап шығарды. Ол суда еритін, толық ыдырайтын қасиетке ие және бактериялардың көмегімен алынады. Бұл ҚазҰУ ғалымдарының ғылымға енгізген ең үлкен жаңалығының бірі болмақ.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №33 (1815) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Таяу шығыс мәселелері бойынша сарапшы-маман, саясаттанушы, тарихшы, «EUobserver» интернет-басылымының бас редакторы Курт Дибофпен кездесті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бітіруші түлектеріне биыл алғаш рет өзіндік үлгідегі дипломдар табыстады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған 1-курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әскери кафедрасы өзінің 87 жылдық тарихында ҚР Қарулы Күштерінің қажеттіліктері үшін 40 мыңнан астам запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ғалымдар мен белгілі қоғам қайраткерлері, оқытушылар және студенттер қатысты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақстандағы Индонезия Республикасы елшілігінің кеңесші-уәкілі Иман Прарахадиан Хавидпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында, ең алдымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне тоқталып, береке-бірлік пен тату тірлік арқылы қол жеткізген ең қастерлі құндылығымызға айрықша мән берді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – әр қазақ үшін аяулы мекен. Мұнда талай жақсылардың ізі қалған, талай қазақ білім алған, талай адам арманымен кездескен, мақсатына жеткен. Бұл оқу орнының бары мен жоғы қазақ білімінің де бары мен жоғына айналып шыға келетіні де жасырын емес. Ендеше, бүгінгі сұхбатта осы бір жайттар сөз болады...