- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде конкурстық комиссия ұсыныстары негізінде тағайындалған және қайта бекітілген факультет декандары мен кафедра меңгерушілері қызметке кірісті.
02.09.2021 ҚазҰУ Жолдаудағы бастамаларды қолдайды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен ыждаһаттылықпен қабылдады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылын ашу рәсімінде университет басшысы Жансейіт Түймебаев барша ұжымды және білім алушыларды, оның ішінде университет табалдырығын алғаш аттаған 1-курс студенттерін атаулы күнмен құттықтады.
01.09.2021 ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорларының пікірі

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, магистрант-докторанттары, студенттер!
Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, Мармара университетінің профессоры Мухиттин Шимшекпен кездесті. Жүздесу барысында өзара ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы-профессорлар құрамының жалақысы айтарлықтай өсті. Атап айтсақ, жаңа оқу жылынан бастап оқытушы жалақысы – 38%, аға оқытушыныкі – 75%, доценттікі – 88%, профессордың жалақысы 163%-ға артты.

Бірінші кезекте 31 тамыздан бастап 1-курс студенттері орналаса бастайды.
Екінші кезекте 6 қыркүйектен бастап жоғары курс студенттері, әлеуметтік категориясына байланысты (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер; денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі студенттер; ата-анасы денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі студенттер; көпбалалы отбасынан шыққан студенттер; шетелдік студенттер) орналасады.