- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Túrkistan» халықаралық газетінің бас редакторы Қуат Әуесбайды қабылдады. Кездесуде өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні жас ғалымдарды ғылыми зерттеу бастамаларына ынталандыру негізінде елімізде іске асырылып жатқан 2020-2021 және 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми зерттеулер саны мен сапасы бойынша еліміздегі оқу орындарының арасында көш бастап келеді.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа оқу жылында заманауи үлгіде күрделі жөндеуден өткен оқу ғимараттары мен жатақханаларды пайдалануға бермек. Білім ордасының басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев құрылыс барысымен танысып, әлі де қалпына келтіру жұмысы аяқталмаған нысандарды жоспарға сәйкес аяқтауға тапсырма берді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра студенттері «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің бас редакторы Әлия Майсейітовамен онлайн шығармашылық кездесу өткізді. Баспасөз конференциясы форматында өткен жиынға «Әскери журналистика» мамандығы бойынша оқитын білім алушылар қатысып, түрлі тақырыптарда пікір алмасты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз қызметі жоғары оқу орнының оң имиджін қалыптастыру және танымалдылығын арттыру мақсатында жаңа бағытта жұмыс істей бастады. Имидждік саясат және қоғаммен байланыс департаментінің құрамына Корпоративтік БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасы, www.kaznu.kz сайты редакциясы, «Qazaq universiteti» газеті, Әл-Фараби теле-радио студиясы кіреді.

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары!
Сіздерді 2021-2022 жаңа оқу жылында
университетімізде қарсы алуға қуаныштымыз!

Нағима СЕЙДАЛИЕВА, Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының оқытушысы.

Нұрислам САНАЕВ, еркін күрестен Азия чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио-2020 олимпиадасының қола жүлдегері.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі білім беру жүйесі қамтамасыз етіледі.