- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Абай күніне орай «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты II республикалық онлайн-конференция өтті. Абай ғылыми-зерттеу институты мен шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шараға белгілі ғалым-ұстаздар, докторанттар мен магистранттар қатысты.

«Қазақ университеті» Баспа үйі Абай күні қарсаңында «Абайды білмек керек ойлы жасқа» атты онлайн байқау жариялаған болатын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді 2021-2022 жылғы оқу маусымында орналастыру мақсатында хостелдерді, жатақханаларды, студенттік апартаменттер мен қонақ үйлерді ынтымақтастыққа шақырады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің International Journal of Mathematics and Physics ғылыми журналы әлемдегі ғылыми басылымдардың ең үлкен мәліметтер базасы саналатын Scopus дерекқорына енгізілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Абай аманаты» атты мақаласында: «Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы ағартушылық немесе ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды», – деген-ді. Абай Құнанбайұлы – қазақтың болмысы мен мінезін дөп таныған кемеңгер, дана.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Абай күні онлайн форматта атап өтілуде.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (ары қарай – Университет) «Шетелде академиялық оралымдылық шеңберінде оқу үшін орын санын бөлу жоспарын бекіту» туралы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі №358 бұйрығына сәйкес білім алушылардың (бакалавриат) республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық оралымдылық шеңберінде оқуы үшін байқау жариялайды.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде COVID-19 вирусына қарсы вакциналау шараларына байланысты өзекті сұрақтар талқыланған кезекті шара өтті. Жиынға оқу орнының қызметкерлері, студенттер және ата-аналар онлайн қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алушылар, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлер арасында екпе алуды ынталандыру үшін ақпараттық және ұйымдастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдары мемлекеттік грант алушылардың үздік ондығын бастап тұр. Мұндай қорытынды 2020-2022 және 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру байқауларының нәтижесінде шығарылды.