- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қазақстанда бизнес-білім беруді дамыту мен басқарудың тиімді стратегиясын құру – қазіргі заманның негізгі проблемаларының бірі. Бизнес-білім берудің сапалы жүйесінің болуы кәсіпкерлерге, басқарушыларға Қазақстанның әлеуметтік-мәдени капиталын, экономикасы мен бизнесін белгісіздік пен күрделі өтпелі кезең жағдайында жаңғыртуға ғана емес, дамытуға да мүмкіндік береді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында егемен ел атанып, жаңа мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі тағдыршешті тарихи қадамдармен бөлісе отырып, халық игілігі жолында бірлесе жұмыс атқаратын қажетті мамандардың тапшы болғанын баяндайды.

Тәуелсіздік – ұлттың ұлт болып, ел болып, мемлекет болып салтанат құруының бірден-бір өлшемі, өзегі, ұлт болып дамудың шарты, көрсеткіші. Мемлекет үшін тәуелсіз болу сезімінен артық өрісті, қымбат сезім жоқ. Әрбір мемлекет тағдырындағы ең бақытты шағы, ол – тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңі.

«Кемел» айдарының бүгінгі кейіпкері – ғасырға жуық ғұмырдың куәгері. Оның сәби күнінде анасы аштықтан ажал құшқан, балалық дәурені сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келіп, бозбала шағы соғыстан кейінгі ауыр кезеңде өткен. Ал «Отаныма қызмет етемін» деп, ғылым-білімге бойлаған уақытта қуғын-сүргіннің құрбанына айналуға аз қалады. Бір қарағанда ХХ ғасырдағы қазақ тарихының хронологиясы секілді.
15.07.2021 Бос білім гранттары

Фитотерапия – ежелгі емдеу әдістерінің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, соңғы кезде емделудің балама бағыттары сұранысқа ие болып келеді. Оның ішінде бүгін біздің тақырыбымызға арқау болатын дәрілік өсімдіктермен емделу саласы да бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Дәрілік өсімдіктерді зерттеу орталығының директоры Жанар Жеңістің айтуынша, елімізде антивирустық қасиеті бар дәрілік шөптер кездеседі екен.

Құрметті оқырман!
Университеттік «Qazaq universitetı» газетінің кезекті №28 (1810) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қабылдау комиссиясының жұмысы қарқынды жүргізілуде. Биыл білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен комиссия құжат қабылдаудың жаңа деңгейіне көшті.

Университеттегі білім беру ісі мен барлық қоғамдық мәдени-рухани іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқан, оқу орнының қарқынды дамуына өзіндік үлес қосқан барша аға куратор-эдвайзерлер мен факультет декандарының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевтың Алғыс хатын иеленді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкері Досжан Балабекұлы «Нұрсұлтан» шыңы альпиниадасына қатысып қайтты. Бұл оның осы заңғар биікке екінші рет ұмытылуы.