Жаңалықтар

Жаңалықтар


8-шіл-21 Оқу жылы қорытындыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биылғы  оқу жылын қорытындылады. Осыған байланысты өткен жиында білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев биылғы жетістіктерді саралап, маңызды міндеттемелерге назар аударды.  


8-шіл-21 ҚазҰУ кітапханасы 246 өте құнды сирек кітаппен толықты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасы қорына белгілі ғалым Бақытжан Әлішерұлы Дүйсенбеков ғылыми-әдеби мазмұны бай, мағынасы терең, сирек кездесетін көне кітаптарды тапсырды.


7-шіл-21 Түлектер жаңа үлгідегі диплом алды

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері алғаш рет жаңа үлгідегі диплом алды. Биыл қарашаңырақты 6600 студент тамамдады. Оның ішінде 4 798-і бакалавр бітірсе, 1 611 жас ғылым магистрі атағын иеленді.


7-шіл-21 «IAAR Eurasian University Ranking» 2021 халықаралық рейтингінде көш бастадық

Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) өткізген «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)» 2021 университеттерінің халықаралық рейтингі нәтижелері бойынша Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларуссия, Украина, Әзірбайжан және Молдова университеттері арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші және ең үздік университет болып танылды.


6-шіл-21 ЕЛБАСЫ ТУЫН ТІККЕН ЕЛОРДА

Ұлы даланың төсінде алты қанатты Ақордасын тігіп, Алаштың айбынын асырған Нұр-Сұлтан қаласының биылғы туған күні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.


6-шіл-21 «ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Құрметті оқырман!

Университеттік «Қазақ университеті» газетінің кезекті №27 (1809) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.


5-шіл-21 Электромобильдер дәуіріне дайынбыз ба?

Марсқа ұшқан Илон Масктың электрокөліктері Қазақстанға да келіп жетпек. Бұл туралы америкалық авантюристің өзі жаһанға жария етті. Демек, тоқпен қозғалатын темір тұлпарлар әп-сәтте нарыққа еніп, көлік қатынасын қайта қарауға мәжбүр етері анық. Дәл электрлі самокаттардың жол апатына себеп болғаны секілді. Бірақ проблеманың алдын алудың бір жолы бар. Ол – ғалымдардың сөзіне ел болып құлақ түру. Бүгінгі сұхбатымыз арқылы біз осы міндеттің үдесінен шығуды көздеп отырмыз.


3-шіл-21 ХРОНОЛОГИЯ: ҚазҰУ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА

Еліміз биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесін кеңінен атап өтеді. Тәуелсіз ел ретінде біз осы жылдары дербес даму жолында маңызды қадамдар жасап, толағай табыстарға қол жеткіздік. Егемен Қазақстанның негізін құру және нығайтудағы тарихи миссия Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісінде. 


3-шіл-21 Көреген басшы, салиқалы саясаткер

Қазіргі уақытта қазақ әдебиетінде тарихи романдардың көптеп жазылғаны белгілі. Оның ішінде әсіресе Қазақ мемлекетінің құрылуы, ұлт, мемлекет статусымен алғаш тарих сахнасына шығуы, басқарушы хан, сұлтан, би, көсемдердің қайраткерлік, билеушілік қырын, саясатын көркем әдебиетте кескіндеген шығармалар жарық көрді.


2-шіл-21 «Болашақ» түлектері бас қосты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы түлектерінің қатысуымен «Елін сүйген, елі сүйген – ­ Елбасы» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.