- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: шешу жолдары» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Университет әкімшілігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы биыл бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге сөмкелер мен оқуға қажетті құрал-саймандарды алып берді. Бұл акция игі дәстүрге айналып, бесінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ, Алматы қаласының тұрғындары үшін Covid-19-ға қарсы екпе салу пункті жұмыс істеуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған делегация арнайы жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына барды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған делегация Қырғыз Республикасына жұмыс сапары аясында Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде болды. Тараптар бауырлас екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта отырып, білім мен ғылым саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнату туралы Меморандумға қол қойды.

Адам өмірінде тұтас бір дәуір секілді көрінетін өткен 30 жыл мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда азғантай ғана уақыт. Жаһандық деңгейде қарастырғанда бұл сандар үлкен мәнге ие болуы да неғайбіл. Бірақ жүздеген жылдарға созылған бодандықтан босанған халық үшін бұл маңызды көрсеткіш. Мемлекеттің кемелдігін қамтамасыз ету үшін адам ресурстарының орнықты дамуына жағдай жасалуы керек.

Биыл оқу бітіргенімізге 50 жыл толып отыр. Осы орайда, ЖОО-лардың қарашаңырағы – ҚазҰУ-ға қашанда қарыздармыз әрі айтар алғысымыз мол. Себебі адам өміріндегі университет кезеңдері көңілден кетпес, қаперден өшпес жарқын естеліктерге толы, қызықты жылдар. Ол кездер еш уақытта ұмытылмақ емес.

1962 жылы АҚШ президенті Джон Кеннеди «Мұнай туралы ұмытыңыз, су туралы ойлаңыз» деген екен. Расымен де, өткен ғасырдың 60-жылдары Арал дағдарысы басталды. Жарты ғасырды артқа тастадық, бірақ мәселе өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қайта «жығылғанға жұдырық» дегендей, енді Балқаштың «бас ауруына» кез болдық. Өйткені Арал теңізінің тағдыры Балқашта қайталануы мүмкін. Бұл – біздің емес, халықаралық сарапшылардың ескертуі.

Журналистика күніне орай өткен Қазақстанда медианың өзін-өзі реттеу Қоғамдық комитетін құру жөніндегі онлайн конференция аясында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Оған үш университеттің студенттері – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚАУ және Тұран университетінің болашақ журналист білімгерлері қатысты.

Құрметті оқырман!
Университеттік «Қазақ университеті» газетінің кезекті №26 (1808) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.