- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің 2-курс магистранты Алина Андирова «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық конференцияда «Қоғам белсендісі» дәрежесін иеленіп, «Жылдың үздік түлегі» атанды.

Тәуелсіз еліміздің журналистика саласында аянбай адал қызмет атқарып жүрген Сіздерді 28-маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шынайы ықыласпен құттықтаймын!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркия Республикасының бірқатар университеттері білімгерлерінің қатысуымен «Қазақ филологиясы және этнографиясы» онлайн жазғы мектебі өз жұмысын бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық Жоғары мектеп ҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Зұлқайыр Мансұровтың 75 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 55 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Алматыда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай журналистер арасында байқау өтті.

Құрметті оқырман! Университеттік «Қазақ университеті» газетінің кезекті №25 (1807) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының басшылығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Алғыс хат жолдады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасында Цукуба университетінің студенттеріне арналған Жазғы мектеп ұйымдастырылды. Шара екі жоғары оқу орны арасындағы «Campus in campus» келісімшарты аясында жүзеге асты.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жылдарындағы ақпараттық кеңістік» атты халықаралық ғылыми онлайн-форум өтті. «Айқап» журналының – 110, «Ақиқат» журналының – 100, «Жас Алаш» газеті мен «Қазақ радиосының» 100 жылдығына орайластырылған ауқымды шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев және «Қазселденқорғау» ММ төрағасы К. Көкрекбаев қол қойды.