- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Адамзат отты осыдан 600 мың жыл бұрын пайдалана бастаған. Сол заманнан бері бұл химиялық құбылысты әлемнің небір ұлы ғалымдары, ойшылдары зерттеді. Ең алғаш от жалынының құрылымын 1600 жылдары Френсис Бэкон зерттеді, одан кейін оны Бойль жалғастырды. Ғалым Бунзен жалынның температурасы мен жану жылдамдығын есептеп шығарды.

Өркениеттің дамуымен энергияның барлық түрлеріне деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Энергия ресурстарын тұтынудың артуына және жер бетіндегі қорлардың азаюына байланысты электр энергиясының тарифі үнемі өсуде. Тұрмыстық деңгейде энергия тиімділігін арттыру, энергияны үнемдеу тұтынушыға байланысты. Десек те, ғалымдар да осы мәселенің түйінін тарқатуға атсалысып келеді.

Егемендікке алғаш қол жеткізген жылдары еліміздің рухани-мәдени мұрасын, ұлттық болмысы мен ділін қайтару және ел экономикасын көтеру, ғасырлар бойы күткен бабалар аманатын орындап, тәуелсіздікті баянды ету басты мақсатымыз болды. Осы үдеден шығу жолында ел үкіметі индустриалды өнеркәсіпті дамытуды басты негізге алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңестердің құрметті президенті Дэн Дэвидсонмен кездесті.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде онлайн режімде Ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Онда 2020-2021 оқу жылындағы индикативтік көрсеткіштердің орындалуы және оқытушы профессорлар құрамы, кафедралар мен факультеттер рейтингісінің қорытындылары талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай «Алтын Орда: өркениеттер тоғысында» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Бүгін Халықаралық түркі академиясы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі түрколог ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Түркітану және Ғұбайдолла Айдаров» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшелеріне конкурс жариялайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне америкалық он үш студент «Орыс тілі, халықаралық қатынас және дипломатия» бағдарламасы бойынша оқуға қабылданды. Студенттерді қабылдау туралы бұйрыққа ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев қол қойды.