- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина қызметкерлері күніне орай оқу орнының қызметкерлері мен «Smart Health University city» медициналық орталығының дәрігерлерін құттықтап, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Академик К.Н. Нәрібаевтың еңбектеріндегі Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы мен жоғары білім беру жүйесінің қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экологиялық таза көліктер паркін дамытуға арналған I қазақстандық онлайн-конференция өтті. Шараны еліміздің жетекші жоғары оқу орны «Есеп» және THEA компанияларымен бірлесе ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ең үздік эдвайзер» және «Ең үздік студенттік топ» байқаулары қорытыланды. «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының бастамасымен дәстүрге айналған үлкен додада 2021 жылдың ең үздік эдвайзері мен студенті анықталды.

Құрметті оқырман! Университеттік «Қазақ университеті» газетінің кезекті №24 (1806) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Биыл мемлекетіміз үшін маңызды мереке – ел тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Бұл – өткенге есеп беріп, келешекке нақты жоспар жасайтын үлкен белес. Ғасырлар бойы бодандықтың бұғауында болған ел үшін осы жылдардың әрбір сәті ұлттық маңызға ие.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар байқауын өткізетіндігін жариялайды.
Конкурс 2021 жылғы 15 наурыздан 30 маусымға дейін өткізіледі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай араб тілінде халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыз жылдыққа - отыз апталық» шарасының аясында «Ғылымда даңғыл жол болсын» бағытындағы цикл бойынша бұқаралық дәрістер жалғасуда.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде XI Жазғы универсиада ойындарының жеңімпазы – ҚазҰУ командасының спортшылары мен жаттықтырушыларын марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті.