- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Жүздеген жылдар бойы сыртқы күштердің қыспағында болған қазақ қоғамы үшін ең алдымен ұлттық «Мен» дегізерлік қасиеттің қорғаны ретіндегі дәстүрдің рөлі әсіресе зор», – деген болатын.

Университеттік "Қазақ университеті" газетінің кезекті №23 (1805) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының "Жылдам сілтемелер" бөлімінен оқи аласыздар.

Қазақстанның жетекші университеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS WUR рейтингінде топ-200-ге кіріп, әлемнің үздік университеттері арасында кезекті рет көшбасшылық позициясын танытты. Посткеңестік елдерден бұл топқа тек екі университет – М.В.Ломоносов атындағы ММУ (78-орын) мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (175-орын) кіреді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Буриан және қазақстандық ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен «ЕО-ның Орталық Азиядағы стратегиясы: мүмкіндіктері мен болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозованы қабылдады. Тараптар тиімді ынтымақтастық бастамаларын көтеріп, әрі қарай дамыту жолдарын қарастырды.

Өткен ғасырда өндірістік және технологиялық төңкерісті бастан өткердік. Келесі кезеңді «ақпараттық төңкеріс» деп атасақ артық болмас. Өйткені ХХІ ғасыр – BIG Data арқылы биікке ұмтылатын кезең. Мәліметті жинап, өңдеп, талдау – бүгінгінің талабы. Қысқаша айтқанда, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) деп аталады. Бүгін біз осындай сұранысқа лайықты жоба жасауға көмектесетін бағдарлама туралы сөз қозғаймыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто бастаған делегация құрамымен кездесті. Жүздесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогына ХІХ республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ғалым-микробиолог, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Ажар Жұбанованың 80 жылдық мерейтойына орай «Биотехнологиялардың заманауи проблемалары: зертханалық зерттеулерден өндіріске» тақырыбында ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Университетімізде белгілі дипломат және экономист Берлин Иришев «Әлемдік экономика: эгоцентризмнен дезинтеграцияға дейін» атты тақырыпта дәріс өткізді. Ол – Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы.