- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында академик Әбсаттар қажы Дербісәлі «Отырарлық ғұламалар» тақырыбында дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.

Түркістанда ҚР жоғары оқу орындары арасында волейболдан өткен XI жазғы универсиада ойындары нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ерлер командасы кезекті тамаша жеңісіне қол жеткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі нәтижесі бойынша қазақстандық білім ордаларының арасында үлкен айырмашылықпен алға шығып, көш бастады.

Ел жоғары оқу орындарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі – Отандық ғылымды, білім мен жоғары технологияларды қолдау. Газетіміздің «Кемел» айдары бойынша кейінгі ұрпаққа өсиет болатындай ой айта алатын ұстаздармен, ғалым-профессорлармен, оның ішінде шет елдерден университетке арнайы шақыртылған мамандармен кең ауқымды сұқбат құру көзделген.

«Жеті түрлі ілім біл» деген бабаларымыздың өсиеті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңашыл жас ғалымдары үшін кәсіби ұстаным іспеттес. Ғарыштық технологиялардың тілін игерген мамандарымыз ел экономикасының әлеуетін арттыруға септігін тигізер жаңа жобаларды дүниеге әкелді. Мәселен, оқу ордасындағы Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) орталығы 2018 жылдан бері геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және ғарыштық суреттер негізінде әртүрлі салаларға арналған геоөнімдер дайындауда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Танып-біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениеттерді жақындастыру» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде «Жан Досым» заманауи теннис орталығы ашылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті ректорат отырысы онлайн өтті.Жиында академиялық мәселелер бойынша басқарма мүшесі – проректор Фатима Жақыпова хабарлама жасап, жазғы емтихан сессиясының барысы туралы баяндады.

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жақсылықты дәріптеп, ізгілікті насихаттайтын мейірімділікке толы мейрам мүбарак болсын!