- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Life after СOVID-19» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

АЛМАТЫ. 21 сәуір – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары үнемді шамның жаңа түрін ойлап тапты. Инновациялық өнімнің басты артықшылығы – шамның нарықтағы құны төмен, жарық беру қуаты қарапайым шамға қарағанда үш есе күшті және адам денсаулығына тигізетін кері әсері жоқ.

АЛМАТЫ. 20 сәуір. Баспасөз орталығы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ЮНИСЕФ ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Артур ван Дизенмен кездесті.

АЛМАТЫ. 20 сәуір. Баспасөз орталығы – «7R немесе Zero Waste тұжырымдамасы стиліндегі өмір». Осындай атаумен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде пікірсайыс өтті. Іс-шараға Химия және химиялық технология факультетінің жас ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

АЛМАТЫ. 19 сәуір. Баспасөз орталығы – Биыл – Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл. Атаулы датаға орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы түрік халықтарының мемлекеттіліктерін қалыптастыру жолындағы күрес тарихы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

АЛМАТЫ. 19 сәуір. Баспасөз орталығы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экологиялық сенбілік ұйымдастырылып, оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Ағаштар аллеясына» 120 қырым қарағайы отырғызылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілерге ғылыми сараптамалар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының кезекті отырысында – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған университеттің «Отыз жылдыққа – отыз апталық» жол картасын жүзеге асыру, 2020-2021 оқу жылындағы индикативтік көрсеткіштердің орындалуы және оқытушы-профессорлар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің 2021-2022 оқу жылындағы бос жұмыс орындарына жарияланған байқау туралы мәселелер қаралды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Ақылды ұрпақ» жоба аясында және Ғылым күніне байланысты университеттің жас ғалымдарымен онлайн кездесу өткізіп, ғылыми-инновациялық қызметін дамыту жөніндегі олардың ұсыныстары мен идеяларын тыңдады. Кездесуге 200-ден астам жас ғалымдар қатысты.